Жамбыл облысында 170 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 1 маусымнан бастап "Қарасора-2023" кең ауқымды республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын орындады. Оның шеңберінде есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрамында жабайы өсетін каннабисті жою жөнінде іс-шаралар өткізді.
Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалана отырып, 188 гектар құм алдындағы аумақта жабайы қарасораны шабу арқылы кейіннен өртеу арқылы 170 тонна 628 кг қарасора тұқымдас өсімдіктері жойылды.