Жамбылда 120-дан астам пәтер ұрлығы тіркелген

20 Наурыз 2020, 07:14
1794
Бөлісу:
Жамбылда 120-дан астам пәтер ұрлығы тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен аймақта «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – пәтер ұрлығын ашуды жеделдету, қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу, орын алған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау.


Жедел жағдайды талдау негізінде пәтер ұрлығы көп орын алатын аудандар анықталып, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлерінен жедел топтар құрылған.


Іс-шара барысында 12 пәтер ұрлығы ашылды. Жамбыл облысында 2020 жылдың екі айында 123 пәтер ұрлығы тіркелген. Бұл 2019 жылы 200-ге қарағанда, 77 фактіге аз. Жалпы алғанда -38,5 пайызға төмендеген, - делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысы полиция департаменті тұрғындарға жеке мүліктеріне сақ болуды, тұрғын үйлеріне қатысты қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді ескертеді.


Өзгелердің жаңалығы