Жамбыл өлеңдерін жатқа айтудан халықаралық онлайн байқау жарияланды

15 Наурыз 2021, 22:50
1585
Бөлісу:
Жамбыл өлеңдерін жатқа айтудан халықаралық онлайн байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан халықаралық онлайн-байқау жариялайды.

Президент Жолдауы негізінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқысымен 2021 жылы Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында, Қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, ұлт тұлғасының есімін абыроймен иеленіп отырған Қазақ мемлекеттік филармониясы бірқатар ауқымды мәдени іс-шаралар, сонымен қатар, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан халықаралық онлайн-байқау өткізуді жоспарлап отыр. Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы біздің елде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде кеңінен танымал. Халық поэзиясындағы жаңа өрлеу оның есімімен тығыз байланысты - дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға 25 наурыз - 15 сәуір аралығында қатысушылардан өтінімдер қабылданады. 22-30 сәуір аралығында байқауға қатысушылардың бейнежазбаларын (видеозапись) әлеуметтік желілерде жарияланады. Ал 15 мамыр күні дауыс беру тоқтатылады. Жеңімпаздар қазылар алқасы шешімінің және желі қолданушыларының кері байланысының («ұнату» санының көлемі) негізінде анықталады.

Байқау туралы толығырақ мына жерден білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы