Жамбыл облысының тұрғынынан марихуана мен гашиш тәркіленді

6 Қазан 2023, 22:47
1283
Бөлісу:
Жамбыл облысының тұрғынынан марихуана мен гашиш тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының тұрғынынан құны 10 млн теңгеге жуық болатын марихуана мен гашиш тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қарасора – 2023" ЖПІШ аясында Мойынқұм ауданының құмды аймағынан есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. 

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тэй атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. 

Жасырын орынды тексеру барысында өсімдік тектес заттары бар 17 полиэтилен қап және ұнтақталған заты бар 2 полиэтилен пакет, сондай-ақ есірткі затын ұнтақтауға арналған елек табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған заттардың жалпы салмағы 229 келі 140 грамм кептірілген марихуана және 4 келі 532 грамм гашиш есірткі заты екені расталды. Қара нарықтағы бағасы шамамен 10 млн теңгеге жуық. 

Ұсталған адам бұрын бірнеше рет сотты болған, ол өзінің кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев.

Өзгелердің жаңалығы