Жамбыл облысының тұрғыны полицейге пышақпен шабуылдаған

23 Қыркүйек 2023, 20:19
925
Бөлісу:
Жамбыл облысының тұрғыны полицейге пышақпен шабуылдаған
Фото: Нұркен Алишев

Полицейге шабуыл жасаған жүргізуші 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 қыркүйекте Алматы – Ташкент автожолының 168-шақырымында жол ережесін өрескел бұзғаны үшін тәртіп сақшысы Жамбыл облысы Қордай ауданының 61 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Carina автокөлігін тоқтатқан. Бұзушылықты тіркеу кезінде жүргізуші патрульдік полиция батальоны қызметкерінің мойнына бір рет жиналмалы пышақпен ұрған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 380-1-бабы 1-бөлігі («Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген хабарламада.

Жауап алу кезінде ер адам әйелінің қайтыс болуына және тұрмыстық мәселелерге байланысты депрессиялық жағдай оны осындай үмітсіз қадамға итермелегенін түсіндірді. Өзінің ойланбай жасаған әрекетінің ауырлығын түсініп, жасаған ісіне өкінетін жеткізді.

Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Ұсталған адам Қордай АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тергеу тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы