Жамбыл облысының шығысында үсік жүреді

29 Сәуір 2024, 10:24
3249
Бөлісу:
Жамбыл облысының шығысында  үсік жүреді
Фото: pixabay.com

Қазгидромет 29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова мәлімдеді.

Атмосфералық фронталды бөліктер территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайды, найзағаймен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысына, солтүстік-батысында, орталығына антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, батысы мен солтүстігінде бұршақ, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман болады, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, - деді Алина Исмагулова.

Өзгелердің жаңалығы