Жамбыл облысының шағын кәсіпкерліктеріндегі орташа жалақы белгілі болды

27 Маусым 2021, 12:11
4215
Бөлісу:
Жамбыл облысының шағын кәсіпкерліктеріндегі орташа жалақы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың I тоқсанында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, облыстың шағын кәсіпорындар қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 112817 теңге көлемінде қалыптасып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,1% өсті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбекақы төлемінің жоғарғы деңгейі электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 186425 теңге, ең төменгі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында – 63910 теңгені құрады.
Аумақ бойынша облыстық деңгейінен жоғары еңбекақы Шу – 157442 теңгені, Сарысу – 156211 теңгені, Мойынқұм – 130487 теңгені, Қордай – 123764 теңгені, Жуалы – 119718 теңгені аудандарында қалыптасты.

Өзгелердің жаңалығы