Жамбыл облысының қант зауыттары толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп жатыр

1 Маусым 2022, 12:30
4662
Бөлісу:
Жамбыл облысының қант зауыттары толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі БАҚ өкілдері үшін Жамбыл облысындағы екі кәсіпорынның – «ОАҚК»  ЖШС Меркі филиалы мен «Тараз қант зауыты» ЖШС, сондай-ақ қант қызылшасын өсіретін шаруа қожалығының жұмысымен таныстырды.

Тур басында журналистер тәулігіне 3 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін «ОАҚК» ЖШС-нің Меркі филиалында болды. 2020 жылы кәсіпорын 10,9 мың тонна қант өндіріп, жүктеме 33,6%.

Жамбыл облысының қант зауыттары толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп жатыр

Өткен жылы кәсіпорын жөндеу және іске қосу-жөндеу жұмыстарына бағытталған 1,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартты.

Біз бірнеше жаңғырту жүргіздік. Пресс-сүзгілер, жаңа вакуумдық аппараттар, швед өндірісінің центрифугалары, герман сорғылары орнатылды. Жаңғырту есебінен біз шикізат бойынша өнімділікті тәулігіне 600-650 тоннаға дейін көтердік, – деді «ОАҚК» ЖШС Меркі филиалының басшысы Нұржан Қарғабаев. 

Жамбыл облысының қант зауыттары толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп жатыр

Биыл, оның айтуынша, кәсіпорынның қызылша бөлімі бойынша жаңғырту жүргізіледі, сүзу станциясы толығымен ауыстырылады, соның есебінен тәулігіне 2,5-3 мыңға дейін өнімділікті арттыру жоспарланып отыр. 

Өткен жылы кәсіпорын 7,5 мың тонна қант алып, 85 мың тонна қант қызылшасын өңдеді. Биыл зауыт қант қызылшасын сатып алу құнын көтерді – бір килограмм үшін 15 теңге, аграршылар үшін мемлекеттік субсидия 15 теңге.

Жамбыл облысының қант зауыттары толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп жатыр

Н.Қарғабаевтың айтуынша, қазір зауыт Бразилиядан қамыс сатып алады, бұл түпкілікті өнімнің өзіндік құнына әсер етеді.

Сондықтан біз қант қамысы шикізатын сатып алу, зауытты реконструкциялау үшін айналым қаражатына жеңілдетілген несие түрінде мемлекеттен қолдау сұраймыз. Толық қуатқа шығу үшін бізге шамамен 10 млрд теңге қажет. Қазір бізде қызылша шаруашылығын дамыту бағдарламасы шығарылуда және осы бағдарлама бойынша қант қызылшасының, сондай-ақ суармалы жерлердің алқаптарын ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, келесі жылы біз өзіміз қант қызылшасының тұқымын сатып алып, шаруаларға болашақ егіннің есебінен таратуды ұйғардық, - деді ол.

Жамбыл облысының қант зауыттары толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп жатыр

Қазіргі уақытта Қазақстанға ақ қант және құрақ қант шикізатын жеткізу үшінші елдерден тарифтік жеңілдік бойынша жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бажсыз әкелуге арналған квотаның көлемі 350 мың тоннаны құрайды, оның 250 мың тоннасы осы жылдың наурыз-мамыр айларында бөлінді.

Тарифтік жеңілдік шеңберінде ақ қант пен құрақ қант шикізатын жеткізу көлемі ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Одан кейін журналистер қант қызылшасын өсірумен айналысатын «Трансфер» шаруа қожалығына барды. Мұнда 40 гектар жерге алғаш рет Daledonia Tarvizas Smart GVA тұқымы отырғызылды. Тұқым қымбат, бірақ сол бағасына лайықты. 

Жамбыл облысының қант зауыттары толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп жатыр

Қолмен жұмыс істеу  мүлдем қажет емес. Қараңыз, сіз мұнда арамшөптер жоқ, мүлдем таза алқап. Болашақта осы сорттарға басымдылық беріледі. Өткен жылы 200 гектарға жуық қызылша отырғызылды. Оны көбейтуге болар еді, бірақ бізде Меркі ауданында су тапшылығы бар. Суармалы су көп болса, жалғыз мен ғана емес, басқа фермерлер де алқаптарын ұлғайтады, - дейді шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Бондаренко.  

Оның айтуынша, шаруалар субсидияларды бюджеттен уақытылы алып отыр.

Баспасөз туры барысында журналистер ішкі нарықтың өнімге деген қажеттілігінің жартысынан көбін қамтамасыз ететін «Тараз қант зауыт» ЖШС-да болды.

Жамбыл облысының қант зауыттары толық өндірістік қуатымен жұмыс істеп жатыр

Біз осы жылдың наурыз айынан бастап толық өндіріс қуатына шықтық, тәулігіне 650 тонна қант өндіреміз. Проблема жоқ. Ресей шекараны жапқан кезде қиындықтар болды. Бірақ біз логистика мәселелерін ойластырып, шештік.Дегенмен, біз қантты бұрынғыдай көтерме бағамен – 450 теңге шегінде босататынымызды ерекше атап өткім келеді. Бағаны бөлшек саудагерлер көтереді, мен оларды түсінбеймін. Қазір сұраныс көп, бұл Ресейдің шекараны жауып тастауына байланысты. Біз өз өнімдерімізді Қазақстанның барлық өңірлеріне біркелкі сатамыз. Кәсіпорын кесте бойынша халық пен құрамында қанты бар өнімдерді өндірушілер үшін, оның ішінде ӘКК арқылы ғана ішкі нарыққа өткізуді жүзеге асырады, - деді «Тараз қант зауытының» бас директоры Александр Шлегель.

Қазіргі уақытта республикада қант қоры шамамен 67 мың тоннаны құрайды. Қант өндірісі үздіксіз жүзеге асырылады. 

Қазақстанның тұрақтандыру қорлары, сауда объектілері, республиканың қоймаларындағы қант қоры шамамен 31 мың тоннаны құрайды. Бұдан басқа, зауыттарда өңдеуге арналған 36 мың тонна қамыс шикізаты бар. Жолда қосымша 16 мың тонна қант шикізаты бар.

Қант зауыттарында өнім өндірісі үздіксіз жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның ішкі нарығына қант жеткізуді жүзеге асырылып жатыр. 

Бұған қоса, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, еліміздің өңірлеріне қант пен шикі қантты кедергісіз жеткізу мәселесін шешті.

Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр. 

Республикада қант қызылшасын өсіретін негізгі өңірлер Алматы және Жамбыл облыстары.

Өзгелердің жаңалығы