Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында бірнеше ауылына қарғын су келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өңірде жаңбыр жауып, оған таудан аққан қызыл су қоысылып, Көкдөнен, Жақсылық елді мекендерін су басты.
Аудандық әкімдіктің мәліметі бойынша, 5 үйдің ауласына су кірген. Зардап шеккен адам жоқ.
Судың деңгейі әлі төмен түскен жоқ. Қазір оқиға орнында арнайы техникалар жұмылдырылып, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.