Жамбыл облысының ауданында 9 көпбалалы отбасы баспаналы болды

27 Желтоқсан 2022, 21:10
989
Бөлісу:
Жамбыл облысының ауданында 9 көпбалалы отбасы баспаналы болды

«Асарлатып үй» салу жобасы өңірдегі қаншама баспанаға мұқтаж отбасына қуаныш сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауылдан түлеп ұшқан азаматтар игі іске қолдау танытып, демеушілік көмектерін көрсетуде.

Ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде Талас ауданында ел бірлігінің көрінісі саналатын қазақтың «Асар» дәстүрі қайта жаңғырып, игі бастама сәтімен жүзеге асырылып келеді. Жалпы, аудан көлемінде өткен жылы 8 үй берілсе, биыл 6 ауылдық округте және Қаратау қаласында барлығы 9 тұрғын үй мұқтаж жандарға табысталды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының ауданында 9 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Осы жылы берілген 9 үйдің 2-нің құрылысы жаңадан тұрғызылса, қалған 7 үй күрделі жөндеуден өткізілді.

Жыл басынан бері пайдалануға берілген баспаналарға жұмсалған қаражат – 20,0 млн теңгені құрады. Баспаналар ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің, шаруа қожалық иелерінің ықпал етуімен бой көтеріп, көпбалалы, жалғыз басты аналарға табысталды. 

Өзгелердің жаңалығы