Жамбыл облысының әкімі су қоймаларына қатысты мәлімдеме жасады

16 Сәуір 2024, 03:20
399
Бөлісу:
Жамбыл облысының әкімі су қоймаларына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: t.me/Erbol_Karashokeev

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев су қоймаларына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Олардың толып кету қаупі жоқ.

Құрметті облыс тұрғындары! Қорқынышқа бой алдырмай, тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймын. Облыстың барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейтінін, олардың толып кету қаупі жоқ екенін растаймын. Сондай-ақ, қазіргі уақытта ТЖД-мен бірлесіп Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында жұмыс жүргізіп жатқанымызды хабарлаймын, - деді өңір басшысы Телеграм-арнасында.

Сонымен қатар әкім толассыз жауған жауыннан қанша ауланың суға кеткенін атады.

Мұнда толассыз жауған жаңбыр мен көлбеу ағындардың пайда болуы салдарынан 30-дан астам ауланың аумағы су астында қалды. Оқиға орнында барлық жауапты мекемелер жұмыс істеуде, қажетті техника жұмылдырылған, су сорылып жатыр. Жағдай менің жеке бақылауымда, - деді Ербол Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы