Жамбыл облысындағы жағдай бақылауда – ТЖД

10 Сәуір 2024, 12:07
199
Бөлісу:
Жамбыл облысындағы жағдай бақылауда – ТЖД
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің базасында Жамбыл облысының аумақтарында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге қатысты брифинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Руслан Орынбеков және «Қазсушар» РМК директоры Асқанат Қадыров спикер ретінде қатысты. Олар өз баяндамаларында облыс бойынша жалпы жағдайға тоқталды.

Руслан Орынбеков су тасқыны жағдайлары қалыптасқан өңірлерге көмекке кеткен құтқарушылардың жұмысы бойынша, қабылданып жатқан шаралар туралы тілге тиек етті.Өңірдің елді мекендерін су басу жағдайларының алдын алу мақсатында су тасқыны қаупіне жол бермеу және жою бойынша шаралар кешені жүргізілгенін, 3500 м3 тонна қар шығарылғанын, 1790 шақырым арна, 1833 шақырым арық, 437 шақырым дренаж жүйесі, 946 су өткізу құрылыстары тазартылғанын, елді мекендердің айналасында 10 шақырым үйінді құрылғанын айтты. Өз сөзінде спикер халықты тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды, - деді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Асқанат Қадыров ірі су қоймаларының толтырылуы, сондай-ақ су тораптары бойынша деректерге тоқталды. Оның айтуынша, су тораптары мен су қоймаларында сегменттік қақпалардың жұмысы, қақпаларды ашу және жабу режимі, майлау және қақпаларды көтеру қозғалтқыштарының жұмысы тексерілген. 

«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының теңгеріміндегі барлық 7 су қоймасының жұмыс кестесі жасалды, су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша кезекшілік ұйымдастырылды, бақылауға алынды. Су қоймалары транзиттік режимге ауыстырылды. Бүгінгі күні ешқандай қауіп жоқ.

Өзгелердің жаңалығы