Жамбыл облысында «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

12 Қазан 2021, 13:30
4067
Бөлісу:
Жамбыл облысында «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, әділ, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында екі кезең бойынша өткен «Парасатты отбасы» байқауының аудандық, қалалық байқауы өз мәресіне жетті. 

«Парасатты отбасы» байқауын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 2019 жылдан бастап облыс әкімдігінің Білім басқармасы және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырып келеді. 

Бірінші кезең бойынша мектепішілік байқауға облыстан 11154 отбасы қатысты. Іріктеліп алынған 1 мыңнан астам жұмыс аудандық, қалалық кезеңге өтіп, одан іріктелген 112 жұмыс облыстық қорытынды кезеңге жолдама алды. 

Жамбыл облысында «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқау нәтижесінде үздік атанған отбасылар аудан, қала әкімдігі тарапынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл облысында «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Парасатты отбасы» байқауының қорытынды облыстық кезеңі қазан айының 15-20 аралығында өтеді.

Байқау нәтижесінде: «Парасатты отбасы», «Оқырман отбасы», «Өнерлі отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Ең салауатты отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өндірістегі ең үздік отбасы», «Шығармашыл отбасы» номинацияларымен облыс бойынша ең үздік болып танылған отбасылар марапатталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы