Жамбыл облысындағы Күйік асуында жүк көлігі өртенді

Ірі көлемді жүк тасымалдап бара жатқан жүк көлігінің бөлігі өртенген.

 pixabay.сom Бүгiн 2026, 09:12
Бүгiн 2026, 09:12
148
Фото: pixabay.сom

Жамбыл облысындағы Күйік асуында ірі габаритті жабдық тиеген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға күндіз Жуалы ауданындағы Алматы–Ташкент тасжолының 550-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлемді жүк тасымалдап бара жатқан жүк көлігінің бір бөлігі өртенген. Тасымалданған жүк химиялық кәсіпорынға арналған колонна немесе газобетон өндіретін автоклав болуы мүмкін.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, өртті қысқа уақытта оқшаулап, толық сөндірді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Наверх