Жамбыл облысында жылына 80 әйелден жатыр мойны қатерлі ісігі анықталады

26 Қаңтар 2019, 17:18
2543
Бөлісу:
Жамбыл облысында жылына 80 әйелден жатыр мойны қатерлі ісігі анықталады

Астана, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жылына 80 әйел жатыр мойны қатерлі ісігі диагнозымен есепке алынады. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Олардың 90 процентінде бұл дерт алғашқы сатысында анықталса, өзгелері ауру әбден асқынған кезінде қаралатын көрінеді. Сондықтан мамандар тегін скринингтік тексеруден уақытылы өтіп тұруға кеңес береді. Қазір өңірде аурудың алдын алу мақсатында кешенді шаралар қолға алынған. Бүгін облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні ұйымдастырылды.

100-ден астам адам дәрігерлерге тегін көрініп, кеңес алды. Сондай-ақ онколог мамандар 50-ден астам мекемені аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы облыста өткен жылы 1586 адамнан қатерлі ісік анықталған. Ал обырдан қайтыс болатындар қатары 8% төмендеген.

«Жатыр мойны обырының көрсеткіші 52% құрайды. 5 жылдан көп өмір сүретін. Сондықтан егерде уақытылы біз анықтасақ, емнің нәтижесі болады. Обыр проблемасы ол бар. Оны айту керек, бірақ обырдың проблемасы тек қана ерте анықтап, уақытылы емді бастасақ – ол ауруды жеңуге болады», - облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Абай Нұржанов.



Өзгелердің жаңалығы