Жамбыл облысында жыл соңына дейін 20 елді мекен табиғи газбен қамтылады

2 Қараша 2021, 16:36
1432
Бөлісу:
Жамбыл облысында жыл соңына дейін 20 елді мекен табиғи газбен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың соңына дейін облыстың 16 мың адамын табиғи газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Бүгінгі күнге жоспарланған 20 елді мекенінің 5-уі табиғи газбен қамтамасыз етілді. Қалған 15 елді мекені бойынша құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Көгілдір отынның рахатын көргендердің бірі Шу ауданындағы Өндіріс ауылдық округіне қарасты Абай ауылының тұрғындары.

Ауылдық округтегі ақсақалдар алқасының төрағасы Тобахан Байгисиев игі іске қолдау көрсеткен аудан және ауыл басшылығына, газ құбырын жүргізуде белсенділік танытқан азаматтарға көпшіліктің атынан алғысын білдірді, - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көгілдір отынды үйге орнатып беру құны 300 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда ауыл халқының басым бөлігі көгілдір отынға қосылуға ниет білдіріп отыр.

Аймақта 2021 жылы 25 табиғи газбен жабдықтау нысанының құрылысына 10,8 млрд теңге қаржы қарастырылған. Соның ішінде, 17 жоба жыл соңына аяқталса, 8 жоба құрылысы 2022 жылға өтпелі.

 

Өзгелердің жаңалығы