Жамбыл облысында жұмысшылар 20 қап алтын рудасымен ұсталды

28 Сәуір 2022, 01:13
1890
Бөлісу:
Жамбыл облысында жұмысшылар 20 қап алтын рудасымен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында құрамында алтыны бар кенді 20 қапқа салып алған алты жұмысшы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Мойынқұм ауданында полицейлер аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан Қаракөз шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ ер адамды анықтады.

Полиция қызметкерлері 1976, 1992, 1994 және 1990 жылдары туған алты жұмысшыны ұстады. Оның бесеуі Жамбыл облысының, ал біреуі Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

Тергеу анықтағандай, ұсталған адамдар 21 сәуірде кен орнына жүк көлігімен келіп, құрамында алтыны бар кенді рұқсатсыз қазып, 20 қапқа салып алған.

Префоратор, генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі таңда сот-химиялық сараптама тағайындалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталады.

Өзгелердің жаңалығы