Жамбыл облысында жолдағы жағдай қиындады

4 Қараша 2021, 17:09
1440
Бөлісу:
Жамбыл облысында жолдағы жағдай қиындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында ауа райы құбылып, жолдағы жағдай қиындады, деп хабарлады 24.kz.

Әсіресе Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бірнеше учаскесінде көктайғақ қалыптасты. Оған түні бойы жауған қар мен сынап бағанасының төмендеуі себеп. Әзірге жол-көлік оқиғалары туралы ресми ақпарат жоқ. Жергілікті полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы ескертпе хабарлама таратып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы