Жамбыл облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

21 Маусым 2022, 22:41
1279
Бөлісу:
Жамбыл облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 21 маусымның түнінде "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 389 шақырымында болған, деп хабарлайды  Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Жамбыл облыстық прокуратурасы таратқан ақпаратқа сай, Тұрар Рысқұлов ауданында Алматыға бара жатқан автобус апатқа ұшыраған. Көліктің сау-тамтығы қалмапты. 2 жолаушы қайтыс болып, 16 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімі ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы