Жамбыл облысында жел электр станциясының қазығы қағылды

3 Шілде 2021, 20:15
2063
Бөлісу:
Жамбыл облысында жел электр станциясының қазығы қағылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданы көлемінде барлық салада оң өзгерістер байқалуда.

Ауданда жол жөндеу, коммуналдық саланы жетілдіру, қоғамдық орындарды абаттандыру, жаңа нысандарды ашу, көп қабатты үйлерді қайта қалпына келтіру және т.б. жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Осы бағытта «Жаңатас» жел электр станциясымен қатар «Сарысу» жел электр станциясының құрылысы басталмақ.

«Сарысу» жел электр станциясы құрылысына жалпы 163,7 гектар жер бөлінген.

Инвесторы «Visor Kazakhstan» компаниясы жүргізіп жатқан жоба 2023 жылдың мамыр айында іске қосылатын болады.

Электр энергиясының болжамды өндірісі: бірінші кезеңде 100 МВт-ты құрайды деп көзделген.

Жыл сайын 350-ден 400 млн. кВт электр энергиясын өндіреді деп болжанып отыр.

Қазіргі таңда құрылыс барысында 280 адам тер төгуде, жоба толығымен іске қосылғанда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Бүгін аталмыш станцияға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев барып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Осындай игі істің бастамшысы болған компанияға қариялар қауымы да ізгі тілектерін арнады.

Өзгелердің жаңалығы