«Уылдырық» жедел іс-шарасы барысында 156 бұзушылық дерегі анықталды

13 Мамыр 2021, 15:40
1779
Бөлісу:
«Уылдырық» жедел іс-шарасы барысында 156 бұзушылық  дерегі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында уылдырық шашу маусымына сәйкес, Жамбыл облысының аумағында «Уылдырық-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның  мақсаты балық және балық ресурстарын заңсыз өндіруге, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтау.

Іс-шараның 27 күнінде жамбылдық полицейлер ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдауға қатысты  2 қылмыстық істі, балық ресурстарын заңсыз аулаудың 154 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Оның ішінде - жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзудың 2 дерегі, жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларының бұзылуының-35, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларының бұзылуының 119 дерегін анықтады. 106 адамға қатысты жалпы сомасы екі миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды, оның 800 000 теңгеден астамы өндірілді, – деп хабарлады Жамбыл облысының  ПД  ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Рахымберді Ашкеев.

«Уылдырық» жедел алдын алу шарасы кезінде полицейлер құқық бұзушылардан 50 келіден  астам балық, 550 метр синтетикалық моноталшық торлары, 6 тыйым салынған заттар (қолдан жасалған  балық  ұстайтын шанышқы) және бір резеңке қайық тәркіледі.

Өзгелердің жаңалығы