Жамбыл облысында үш күнде 31 шетелдік елден шығарылды

5 Маусым 2021, 06:40
2107
Бөлісу:
Жамбыл облысында үш күнде 31 шетелдік елден шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының аумағында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Үш күн ішінде жамбылдық полицейлер Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 82 шетелдікті анықтады. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша ТМД-ның 31 азаматы елден шығарылды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 6 жұмыс беруші және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын тұлғалардың тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 123 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік шекарадан өту ережесін бұзғаны үшін Қордай ауданында ел азаматына қатысты бір қылмыстық іс қозғалған.

Полицейлер қолданыстағы заңнама аясында көші-қон ағынын реттеу бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Бұл мәселе облыстың ПД басшылығының ерекше бақылауында, – деп атап өтті ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев.
Өзгелердің жаңалығы