Жамбыл облысында үш күнде 106 құқық бұзушылық анықталды

10 Желтоқсан 2022, 16:24
1146
Бөлісу:
Жамбыл облысында үш күнде 106 құқық бұзушылық анықталды

5-11 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Автобус» ЖПІШ өткізудің үш күнінде облыстың тас жолдарында 106 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 29 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырғаны үшін, 22 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Қоғамдық көліктің рулінде телефонмен сөйлескені үшін тағы 4 жүргізушіге айыппұл салынды, 2 автобус жүргізушісі – жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін, 2 – техникалық тексеру мерзімінің өтіп кеткені үшін. Сондай-ақ лицензиялау нормаларын бұзудың 2 дерегі, еңбек және демалыс режимін бұзудың 3 дерегі тіркелді. 

Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерге жолда аса мұқият болуды, жол ережелерін қатаң сақтап, алыс жолға шығар алдында міндетті түрде көліктің техникалық жағдайын тексеруді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы