Жамбыл облысында ұрланған қарудың 22 данасы табылды

10 Наурыз 2022, 20:25
1621
Бөлісу:
Жамбыл облысында ұрланған қарудың 22 данасы табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өткен аптада 22 дана  қару мен 800-ге жуық түрлі калибрлі патрондарды тәркіледі.

Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың ішінде 3 жарық-шу гранатасы, 1 травматикалық қару, 1 тапанша, 2 карабина, 3 автомат, 12 аңшылық мылтық, 2 газ тапаншасы, 1 тегіс ұңғылы помпалық мылтық бар. 

Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер оның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады, - делінген хабарламада.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы