Жамбыл облысында пробация қызметінің есебінде тұрғандар тексерілді

7 Желтоқсан 2020, 20:30
1647
Бөлісу:
Жамбыл облысында пробация қызметінің есебінде тұрғандар тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 4-желтоқсанынан бастап облыс аумағында «Есепте тұрған» профилактикалық іс-шарасы өтуде. 

14 желтоқсанға дейін жалғасатын шараны өңірлік ҚАЖ департаментінің пробация қызметі мен Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бірлесіп атқарады.

Шараның басты мақсаты - пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға тиісті емес сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу, - деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған іс-шара аясында пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған сотталғандардың мекен-жайларына тексеру жүргізіп, жаза өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіріп табу жұмыстарын атқаратын болады.


Өзгелердің жаңалығы