Жамбыл облысында қылмыстық топ 80 млн теңгеге тыңайтқыш ұрлаған

29 Шілде 2023, 17:48
734
Бөлісу:
Жамбыл облысында қылмыстық топ 80 млн теңгеге тыңайтқыш ұрлаған
Фото: видеодан кадр

Жамбыл облысында вагондардан 80 млн теңгеге аммофос тыңайтқышын ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз-шілде айлары аралығында белгісіз адамдар Шайқорық теміржол станциясындағы жылжымалы вагондардан алыс, жақын шетелдерге және Қазақстанның басқа өңірлеріне экспортталатын «Қазфосфат» ЖШС өндірген аммофос тыңайтқышын бірнеше рет ұрлаған. Келтірілген залал 80 миллион теңгеден асады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген ақпаратта.

Мәлім етілгендей, іс-шаралар кешенін жүргізу барысында Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, шілденің 22-сінен 23-іне қараған түні Шайқорық станциясында қылмыстық топты құрықтаған. Екі Газель көлігімен вагондардан ұрлық жасау кезінде облыстың 8 тұрғыны ұсталған.

Олардан 5 тонна 700 келі аммофос, 2 көлік құралы және шаруашылық заттары тәркіленді. Кінәларын мойындады. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген полиция хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы