"ҚазАвтоЖол"дың мәліметінше, Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты 7 ақпанда сағат 21:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шектеулер Ресей шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас тас жолында Қордай асуының жаңа айналма жолында (159–238 км, Кенен – Қайнар учаскесі) енгізілді, – деп жазылған хабарламада.
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы қайта бағытталады.
Қозғалыс 8 ақпанда сағат 9:00-де қайта ашылады деп жоспарланған.
Қосымша ақпарат алу үшін 1403 нөміріне қоңырау шалу керек.