Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті

7 Ақпан 2021, 02:51
1496
Бөлісу:
Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар станциясында «Шу – Алматы» бағытындағы жүк пойызының 10 платформасы рельстен шығып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жамбыл облысы Қордай ауданында «Бел-Аңырақай» аралығының 3858-шақырымында «Шу-Алматы» бағытындағы №2534 жүк пойызының 10 бос платформасы (барлығы 54 бос платформа болған) рельстен шығып кетті, оның 7-еуі бүйіріне аударылды, 3-еуі рельстен тайды, - делінген департамент хабарламасында. 

Оқиға салдарынан Отар станциясында жолаушылар пойыздарының кідірісі орын алды. Атап айтқанда: «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағытындағы №3 жолаушылар пойызы 4 сағат 45 минутқа (167 жолаушы, оның ішінде 3 бала, 18 вагон); «Алматы-Петропавл» бағытындағы №15 жолаушылар пойызы 2 сағат 37 минутқа (445 жолаушы, оның ішінде 43 бала, 16 вагон); «Алматы-Атырау» бағытындағы №41 жолаушылар пойызы 1 сағатқа (227 жолаушы, оның ішінде 1 бала, 17 вагон); «Алматы-Қостанай» бағытындағы №43 жолаушылар пойызы 30 минутқа (200 жолаушы, оның ішінде 1 бала, 19 вагон) кешіктірілді.

Төтенше жағдайдан қаза болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Сағат 20.00-де ТЖД-ның жедел желі номері іске қосылды. Отар бекетінде Жедел медициналық көмек ауруханасы кезекшілік атқаруда. Сағат 21.30-да тақ жолдағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары «ҚТЖ» ҰК» АҚ күшімен жүргізілуде. Оған 50 қызметкер, 6 бірлік техника және Шу мен Алматы станцияларындағы 2 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған, - дейді ТЖД баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ, оқиға орнына облыстық ТЖД-ның – 4 және полицияның 6 қызметкері аттанған.


 

 

Өзгелердің жаңалығы