Жамбыл облысында “Полиция Барысы – 2022” анықталды

23 Наурыз 2022, 22:41
1718
Бөлісу:
Жамбыл облысында “Полиция Барысы – 2022” анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Полиция департаментінде “Полиция Барысы – 2022” анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Наурыз мейрамы қарсаңында “Динамо” спорт кешенінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері арасында еркін күрестен “Полиция Барысы – 2022” турнирі өтті.

Турнирдің құрметті қонақтары болып Жамбыл облысының “Жекпе-жек” кәсіби спорт клубының директоры Елдос Далабаев, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин қатысты. 

Жарысқа алты салмақ дәрежесінде 19 команда бақ сынасты. 

Күрес кілеміндегі белдесулерде полиция қызметкерлері мінсіз дайындық пен тамаша техниканы көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша III орынды Полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Амир Добай, II орынды ПД оқу-жаттығу взводының қызметкері Ырыскелді Артықов, I орынды ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Бегімхан Әділбеков иеленді. 

Сондай-ақ, қазақ күресінен командалық турда Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің командасы алтын жүлдені, Тараз қаласы Полиция басқармасының командасы күміс жүлдені, Тұрар Рысқұлов ауданы полиция бөлімінің командасы III-ші орынды жеңіп алды. “Жеңіске деген жігері үшін” номинациясын Қордай ауданы полиция бөлімінің командасы алды. 

Спорттың осы түрінде қолданылатын жауынгерлік тәсілдер күнделікті қызметте қажет, ал қызметкерлер арасында өткізілетін осындай жарыстар тәртіп сақшыларының кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді, – деп атап өтті Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Үдергенов.

Өзгелердің жаңалығы