Жамбыл облысында полицейлерге отандық электромобильдер берілді

3 Желтоқсан 2023, 03:20
627
Бөлісу:
Жамбыл облысында полицейлерге отандық электромобильдер берілді
Фото: baq.kz

Жамбылдық полицейлерге алғашқы болып отандық өндiрiсте жасалған электромобильдер табыс етілді. BAQ.KZ бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР ІІМ және жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірлiк полиция қызметі жыл басынан бері 59 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, республика бойынша бірінші болып қазіргі заман талаптарына сай, қоршаған ортаға залалсыз, отандық өндiрiсте жасалған 25 дана электромобиль алынды.

Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. GPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады

Өзгелердің жаңалығы