Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Меркі ауылында кәмелетке толмаған қыз зорланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Полицияға балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны келіп түскені туралы хабар жетті.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізіледі, - дейді Меркен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Сәбит Мамытбеков.Жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін істің басқа мән-жайы жария етілмейді.