Жамбыл облысында көші-қонды заңсыз бизнеске айналдырғандар ұсталды

12 Шілде 2023, 04:23
652
Бөлісу:
Жамбыл облысында көші-қонды заңсыз бизнеске айналдырғандар ұсталды
Фото: Архив BAQ.KZ

Жамбыл облысында көші-қонды заңсыз бизнеске айналдырған Қырғыз және Қазақстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

Жамбыл аудандық прокуратурасының нұсқауымен ауданның полиция бөлімі жеделіздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар ұсталды.

Жамбыл ауданында Қазақстан Республикасының 20 жастағы азаматы мен Қырғыз Республикасының 26 жастағы азаматы үшінші тұлғалармен мәмілеге келе отырып, еңбек мигранттарын заңсыз өткізумен айналысқан, - дейді аудандық прокуратура.

Заң бұзушылар қызметі үшін қомақты қаражат алған.

Мәселен, ресми өткізу пункттерін айналып өтіп, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге көмектескені үшін олар Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтарынан 300-500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған. Алайда шетел азаматтарына өз елінен кетуге тыйым салынған, өйткені олардың дерегрі борышкерлер тізіміне енгізілген, - дейді ведомство.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" және 392-бабының 1-бөлігі "ҚР мемлекет шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл аудандық сотының 26 шілдедегі үкімімен Қырғыз Республикасының азаматы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, Қазақстан Республикасының аумағына 5 жыл мерзімге дейін кіруіне шектеу қойылды, - деді аудандық прокуратура.

Ал Жасөркен ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды бизнеске айналдырған Қырғыз және Қазақстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл аудандық прокуратурасы.

 

Өзгелердің жаңалығы