Жамбыл облысында гофрленген картон өндіру зауыты ашылды

27 Сәуір 2023, 07:46
544
Бөлісу:
Жамбыл облысында гофрленген картон өндіру зауыты ашылды
Фото: gov.kz

Халықаралық «ZHEIF-2023» форумы аясында Жамбыл облысының Байзақ ауданында «KazStoneBox» ЖШС-нің гофрленген картон өндіру зауыты ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталған кәсіпорын жаңа үлгідегі озық технологияларды пайдаланатын инновациялық, энергия сыйымдылығы жоғары өндіріс орны. Құны 1,7 миллиард теңгені құрайтын жоба жылына 12 мың тоннаға жуық өнім өндіруге қауқарлы. 50-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Жамбыл облысында гофрленген картон өндіру зауыты ашылды

Біз осындай өндіріс ошақтарын ашу бойынша инвесторларды тарта отырып, тиісті жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Бұл жоба аудан және өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізетініне сенімдімін. Ал, жергілікті атқарушы органдар тарапынан өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне жан-жақты қолдаулар көрсетілетін болады, – деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.

«KazStoneBox» ЖШС басшысы Берік Үмітқалиевтің айтуынша, минералды шикізаттан жасалған қаптама шығаратын бұл кәсіпорынның посткеңестік елдерде баламасы жоқ.

Кәсіпорынның өзге өндірістерден айырмашылығы – шикізатқа тәуелді болмайды. Сондай-ақ, жыл сайын шамамен 500 мың тал-дарақты кесуден құтқарып, қайталама шикізат пен макулатура жинауды қажет етпейді. Кальций карбонатын шикізат ретінде пайдалану экологиялық жағынан таза және тиімді бизнес жоба, – деді кәсіпорын басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қордайда жылына 1,2 млн тонна цемент өндіретін зауыттың құрылысы басталғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы