Жамбыл облысында ер адамнан гашиш тәркіленді

8 Желтоқсан 2022, 20:17
913
Бөлісу:
Жамбыл облысында ер адамнан гашиш тәркіленді

3 желтоқсанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке тінту барысында оның күртесінің ішкі қалтасынан салмағы 384,05 грамм гашиш есірткі заты бар оралған бес полиэтилен табылды. Сондай-ақ, ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласында орналасқан темір шкафта салмағы 616,47 грамм гашиш есірткі заты бар сегіз бума табылды. 

Тәркіленген гашиш есірткі құралының жалпы салмағы 1 келіден асады. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев. 

Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
 

Өзгелердің жаңалығы