Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды

29 Қыркүйек 2022, 23:46
750
Бөлісу:
Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды
Фото: Polisia.kz

 Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

13 қыркүйекте сағат 16:20 шамасында Сарысу ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан “Қазфосфат” өндіріс орнына тиесілі орталық байыту фабрикасы ғимараты шатырының тақтайшасы құлап кетіп, ғимарат ішінде жұмыс жасап жүрген үш қызметкердің түрлі дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті. 

Салдарынан кәсіпорынның 58 жастағы жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Сондай-ақ, еңбек инспекциясымен арнайы тексеру жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық және сот-құрылыс сараптамалары тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы