Жамбыл облысында ер адам ұрланған көлікпен жолаушы тасыған

27 Қаңтар 2024, 12:32
755
Бөлісу:
Жамбыл облысында ер адам ұрланған көлікпен жолаушы тасыған
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматыдан Toyota Camry автокөлігін ұрлап, Шымкентке бара жатқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті патрульдік полиция батальоны взводының қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 240-шақырымында аталған автокөлікті байқап, оны тоқтатып, ұстады.

Тексеру барысында жүргізушінің көлік жүргізу құжаты жоқ екенін және көліктің ұрланғанын анықтады.

Аталған көліктің салонында жүргізушіден басқа тағы екі жолаушы болған. Жүргізуші көлік ұрлағаннан кейін ақша табу үшін жолдан екі жолаушыны отырғызғаны белгілі болды.

Оқиға орнына Қордай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы дереу жетті.

Қазіргі уақытта күдіктіні Алматының Бостандық ауданының полиция басқармасы алып кетті.

Өзгелердің жаңалығы