Жамбыл облысында атыс қаруы мен оқ-дәрілер сақталған орын табылды

20 Сәуір 2023, 21:05
738
Бөлісу:
Жамбыл облысында атыс қаруы мен оқ-дәрілер сақталған орын табылды
Фото: Polisia.kz

19 сәуір Көліктегі ПД ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері Шу қаласының маңында қараусыз қалған ғимараттан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы ПД-ден ұрланған АКСУ-90 автоматы оқсаларымен бірге, бөлшектелген түрдегі қос ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мл калибрлі шолақ аңшы мылтығы, Streamer 1014 маркалы газ тапаншасы, 5.45 мм калибрлі патрондардың 29 бірлігі, 7.62 мм калибрлі 7 патрон, 16 мл калибрлі тегіс ұңғылы қарудың 9 патроны немесе 49 данасы тәркіленді, - деді ҰҚҚК басқармасының бастығы Теміржан Рамазанов.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Өзгелердің жаңалығы