Жамбыл облысында әскери оқу-жаттығулар өтті

17 Сәуір 2022, 07:45
1495
Бөлісу:
Жамбыл облысында әскери оқу-жаттығулар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында «Батыл тойтарыс – 2022» стратегиялық командалық-штабтың оқу-жаттығулары өтті. Оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері қатысып, таулы жерде жауынгерлік іс-қимыл жүргізу тактикасын пысықтады, деп хабарлады qazaqstan.tv.

Әскерлер шартты түрдегі қарсыласты жою үшін танк, артиллерия, зениттік-зымыран және әскери авиация қолданды. Батальондық тактикалық топ шекарашылармен бірлесіп, шартты түрдегі содырларға тойтарыс берді. Оқу-жаттығуларды қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов көріп, әскерилердің дайындығына бағасын берді.

Әскерлердің арнайы іс-қимылы шыңдалды. Басқа күш құрылымдарымен, шекара, полициямен бірге және төтенше жағдайлар қызметімен бірге жұмыстарды атқарып, сарбаздардың іс-қимылын шыңдадық, – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жедел басқарма бастығы Нұрлыхан Темірбеков. 

Өзгелердің жаңалығы