Жамбыл облысында 8 көлік тиеген жүк көлігі өртеніп кете жаздады

8 Желтоқсан 2024, 15:33
334
Бөлісу:
Жамбыл облысында 8 көлік тиеген жүк көлігі өртеніп кете жаздады
Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысында ТЖМ өрт сөндірушілері автокөліктер тиелген автотасығышты өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәлімдеуінше, Жамбыл ауданында республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент» автожолының 531 шақырымында 8 жеңіл автокөлік тиелген автотасығыштың артқы дөңгелектері өртенген.

ТЖМ күштері өртті жедел түрде сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Өртің шығу себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы