Жамбыл облысында 7 жыл бұрын жасалған ұрлық ашылды

12 Қыркүйек 2022, 20:00
2264
Бөлісу:
Жамбыл облысында 7 жыл бұрын жасалған ұрлық ашылды
Фото: inform.kz

2015 жылы полицияға Шу қаласының 32 жастағы тұрғыны арыз жазған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйел белгісіз адамдардың  терезені сындырып,  үйге жасырын кіріп,  алтын зергерлік бұйымдарын, 2000 доллар ақшасын, 2 дана қару мен оқ-дәрілерді ұрлап кеткендігі  туралы хабарлаған. 

Аталған деректі полиция қызметкерлері Қылмыстық  кодексінің 188 және  291-баптары бойынша тіркеді.

Осы жылдар ішінде қылмыскерлерді ұстау бойынша шаралар тоқтатылған жоқ. 7 жылдан кейін полиция қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде Шу ауданының 37 жастағы тұрғынының қатыстылығын анықтады. 

Күдіктінің айтуынша, олар досымен бірге 2015 жылдың наурыз айында қылмыс жасаған. Олар ұрлаған заттарды жеке бастарының  қажеттіліктеріне жұмсаған, ал қаруды  ескі қарыздары үшін танысына берген. Сондай-ақ, оның серіктесінің бірнеше жыл бұрын қайтыс болғандығы белгілі болды.

Осы дерекке қатысты Шу ауданының полиция қызметкерлері ҚК-нің  291-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Аталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы