Жамбыл облысында 66 келі есірткі экспортының жолы кесілді

1 Қараша 2023, 23:35
762
Бөлісу:
Жамбыл облысында 66 келі есірткі экспортының жолы кесілді
Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысында 66 келі есірткі экспортының жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел ақпаратты іске асыру барысында Шу ауданының құмды аймағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Жедел іздестіру шаралары Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ қызметкерлерінің ІІМ ЕҚҚІД қызметкерлерімен бірлесуімен жүргізілді.

Жеке тінту кезінде ұсталған адамның күртесінің қалтасынан өсімдік тектес заттары бар полиэтилен пакет табылды.

Сондай-ақ аумақты тексеру барысында жаңадан орылған өсімдіктердің үйіндісі мен күдікті сол күні жергілікті базардан сатып алған орақ табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған заттар – жалпы салмағы 66 келі 400 гр «кептірілген марихуана» және жалпы салмағы 1 гр 65 млгр «гашиш» есірткі заттары болды.

Ұсталған азаматтың айтуынша, сол күні күдік тудырмас үшін және діттеген жеріне көзге түспей жету үшін туыстарынан жылқы сұраған. Ол есірткіні құмды аумаққа жасырып, бірнеше күннен кейін көлікпен Алматы қаласына алып кетуді жоспарлаған.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді,-деді ПД ЕҚҚІБ бастығы, полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.

Өзгелердің жаңалығы