Жамбыл облысында 3 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

16 Шілде 2020, 13:27
1537
Бөлісу:
Жамбыл облысында 3 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жыл соңына дейін 3 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

6 айдың қорытындысы бойынша облыста экономикалық өсім 101% құрады. Атап айтқанда, сауда мен көліктен басқа өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, салықтық түсім, жалақы, бюджет кірісі артты. 250,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 10,9%-ға артты. 139,2 млрд теңге инвестиция тартылып, 6,4%-ға ұлғайды. Инфляция деңгейі 104,2%-ды құрады, жұмыссыздық деңгейі 4,8%, - деді Жауынбекова.
Ол атағандай, өңірде 60 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 21,2%-ға өсті. 
Өсімге дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде мемлекеттік бағдарламалармен қосымша бөлінген қаржының нәтижесінде қол жеткізілді. Облыста 1335 жобада құрылыс, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 250,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға артты, - деді ол. 
Жауынбекова жыл соңына дейін 615,5 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін айтты.
Оның ішінде 2966 пәтерлі 53 көпқабатты үй де бар. Бұған қоса, баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлі 4 жатақхана пайдалануға берілді. Ал асармен барлық аудандарда 100-ден аса үй салынғалы отыр. Құрылыс барысында облыстағы 13 түрлі құрылыс материалдарын өндіретін 112 кәсіпорын өнімі қолданылуда, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы