Жамбыл облысында 3 күнде 13 қару мен 350-ге жуық патрон тәркіленді

15 Желтоқсан 2022, 18:50
1182
Бөлісу:
Жамбыл облысында 3 күнде 13 қару мен 350-ге жуық патрон тәркіленді

Жамбыл полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында үш күн ішінде түрлі калибрлі 13 қару мен 345 патрон тауып, тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәркіленген қарулардың ішінде "АК-47" автоматы, Макаров тапаншасы, "ТОЗ" маркалы екі тегіс ұңғылы мылтық, "ИЖ", "ТОЗ", "Моссберг" маркалы 7 бір тегіс ұңғылы мылтық, газ-травматикалық, газ және травматикалық тапаншалар, сондай-ақ ПМ-ге арналған 3 оқжатар және 345 патрон бар. 

Полиция қызметкерлері Жамбыл облысы ҰҚКД жедел тобымен бірлесіп Тараз қаласының шетінде бетон плитаның астынан зауыттық нөмірлері механикалық өшірiлген "АК-47" автоматы, 9 мм калибрлі патроны бар "Байкал" травматикалық тапаншасы, 7,62 мм калибрлі 20 патрон табылып, тәркіленді. 

Жамбыл облысында 3 күнде 13 қару мен 350-ге жуық патрон тәркіленді


Сонымен қатар, 2022 жылдың 13 желтоқсанында Байзақ ауданындағы Талас өзені көпірінің астынан скотчпен оралған газет бумасы табылды. Оның ішінде екі оқжатар және бес патроны бар 9 мм калибрлі Макаров тапаншасы табылды.

Сол күні Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылының шетінде орналасқан шаруа қожалығында 38 жастағы малшыдан 12 мм калибрлі "ИЖ-18" маркалы бір тегіс ұңғылы аңшылық мылтық табылып, тәркіленді.

Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы