Жамбыл облысында 280 кәсіпкердің құқығы қорғалды

7 Қазан 2023, 19:40
865
Бөлісу:
Жамбыл облысында 280 кәсіпкердің құқығы қорғалды
Фото: gov.kz

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті мамандары кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 280 кәсіпкерінің құқықтары қорғалды. Нәтижесінде 4 лауазымды тұлға тәртіптік, 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров айтты.

Мәселен, «Жамбыл Су» ШЖҚ МКК басшылығының шарттық міндеттемелерді уақтылы орындамауына қатысты кәсіпкерлер тарапынан шағым түсті. Шағымды зерделеу барысында мекеменің жалпы сомасы 152 млн теңге 98 кәсіпкерге (221 шарт бойынша) ақшалай берешегі бар екені анықталды. Департамент Тараз қаласы әкіміне тиісті хат жолдап, «Жамбыл Су» берешекті төлеу кестесін құрып, қазіргі уақытта берешектерді өтеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді спикер.

Одан бөлек, «Көлік сервис орталығы» АҚ қызметін зерделеу барысында кәсіпкерлер ай сайын бір ай мерзімге жол жүруге, кірме жолға тұрақтауға шарттар жасауға мәжбүр болатыны анықталды. Бұл өз кезегінде жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді. Департаменттің ұсынысымен көлік сервисінің басшылығы кәсіпкерлермен бір жылға келісім жасасу туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы