Жамбыл облысында 19 жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

18 Наурыз 2022, 18:52
1551
Бөлісу:
Жамбыл облысында 19 жүргізуші  7 жылға  көлік басқару құқығынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 14-20 наурызы  аралығында Жамбыл облысының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

"Құқықтық тәртіп"  іс-шарасы басталғаннан бері тіркелген 24 қылмыстың 13-і ізін суытпай ашылды. Сонымен қатар, тіркелмеген қару мен түрлі калибрлі 125 патронды сақтаудың 12 дерегі анықталды.

Сондай-ақ, мас күйін анықтау мақсатында  медициналық куәландыру жүргізу үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына 19 жүргізуші жеткізілді. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, олардың барлығы да мас күйінде болған. Мас жүргізушілерге қатысты ӘҚБтК – нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар  толтырылды,  осыған қатысты 15 тәулікке  қамауға және жеті жылға дейінгі  мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылады, - деп атап көрсетті  Жамбыл облысының  Полиция департаменті  Жергілікті полиция қызметі басқармасының  бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

Сондай-ақ облыс полицейлері 2600-ден астам тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Өзгелердің жаңалығы