Жамбыл облысында 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді

26 Шілде 2023, 15:45
633
Бөлісу:
Жамбыл облысында 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді
Фото: скрин

Жамбыл облысының тұрғынынан 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы үйінің ауласында қарасора өсіріп, есірткі сақтаған 45 жастағы азаматты ұстады.

«Қарасора-2023» және «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында жедел ақпаратты іске асыру кезінде күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді.

Нәтижесінде үйдегі картон қораптан жалпы салмағы 36 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты, ал бақшадағы егілген жүгерінің арасынан жалпы салмағы 36 келі 100 грамм болатын 125 қарасора бұталары табылды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе қарасора сортын, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деп хабарлады Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Өзгелердің жаңалығы