Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жамбыл облысында 1,2 млн теңге айыппұлы бар жол ережесін бұзушы ұсталды

29 Қараша 2022, 12:15
975
Бөлісу:

Қордайда өткен рейд барысында әкімшілік полиция қызметкерлері жылдамдықты 44 рет асырып, жол ережесін бұзған Қырғызстандық мемлекеттік тіркеудегі BMW X5 көлігінің жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айыппұл сомасы 1 млн 255 мың теңгені құрады.

Барлық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері Қордай ауданында орнатылған «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы тіркелді. Ер адам барлық айыппұлды төледі.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілердің жылдамдықты шектен асырып жіберуі немесе жол жағдайын сақтамауы жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып табылатынын, соның салдарынан жыл сайын жүргізушілер, жолаушылар мен жаяу жүргіншілер қаза тауып, зардап шегетінін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы