Жамбыл облысы тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

14 Наурыз 2021, 20:20
1958
Бөлісу:
Жамбыл облысы тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тінту кезінде жеке тұрғын үй аумағынан жалпы салмағы 3 жарым келіден асатын "кептірілген марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды – делінген департамет хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осыған байланысты 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Өзгелердің жаңалығы