Жамбыл облысы Талас ауданында алғаш рет компьютерлік томография кабинеті ашылды

11 Тамыз 2021, 20:19
2323
Бөлісу:
Жамбыл облысы Талас ауданында алғаш рет компьютерлік томография кабинеті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кабинетте заманауи жоғарғы технологиялық 80-кескінді компьютерлік томограф (КТ) орнатылған. Ол - барлық орган мен жүйелерді тексеруге мүмкіндік беретін тексерулердің жоғары сапасын қамтамассыз ететін озық технологиялары бар аппарат.

Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кабинеттің арнайы ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Р. Қырықбаев, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Отыншиев қатысты. Кабинеттің жұмыс істеу жоспары мен онда орнатылған құрылғылар туралы мәлімет алды.

Жамбыл облысы Талас ауданында алғаш рет компьютерлік томография кабинеті ашылды

Біз пандемия кезінде короновирустық пневмония диагнозын қоюдың ең сенімді және негізгі әдісі болып табылатын компьютерлік томография екендігіне көз жеткіздік. КТ бұдан бөлек диагноздың дәлдігі мен сипатын нақтылайтын заманауи құрылғы . Кабинетте орталығымыздың білікті ренгентлаборанты жұмыс жасайды. Ал, қорытынды диагнозды дәрігерлер онлайн түрде беріп отырады, - деген «Мейірім» медициналық орталығының бас дәрігері Гүлчахра Маметова КТ-ға міндетті әлеуметтік сақтандыруы (МӘМС) бар азаматтар дәрігердің жолдамасымен тегін, ал жарна төлемейтін азаматтар 10 мың теңге көлемінде ақы төлеу арқылы томографияға түсе алатындығын, зейнеткерлер мен балаларға, әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға 10 пайыздық жеңілдік бар екендігін атап өтті. 

Сонымен қатар мамандардың экстрендік жағдай кезінде ақысыз және уақыттың шектеуінсіз қызмет көрсететіндігін жеткізді.

Жамбыл облысы Талас ауданында алғаш рет компьютерлік томография кабинеті ашылды

«Мейірім» медициналық орталығына қарасты кабинет аудандық орталық ауруханадан бөлінген 120 шаршы метр аумаққа орналастырылғаны, онда қажетті барлық жабдықпен қамтамассыз етілгендігі жөнінде «Мейірім» медициналық орталығы құрылыс бөлімінің басшысы Нұржан Жақсымбетұлы баяндады.

Томография алдында кезек күткен азаматтардың пікірін білген едік. 

С.Әмірханов және О.Белокримцкая - дәрігердің жолдамасымен өкпе қуысына томография жасатуға келген қала тұрғындары. КТ-ның қаламыздан ашылғанына дән риза. Біріншіден, уақыт үнемдейсің, екіншіден, артық шығынға ұшырамайтындығын баса айтып, игі іске мұрындық болған жандарға алғыстарын айтты.

Өзгелердің жаңалығы