Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

10 Ақпан 2022, 10:58
1301
Бөлісу:
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Арманбек Баймурзин Арманбек тағайындалды.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Жаңа ПД бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Арманбек Хакимбекұлы Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. 2004-2012 жылдары ІІМ Криминалдық полиция комитетінің басқарушылық лауазымдарында қызмет етті. Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2019 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы